«Steppe up» аквамарафонының жеңімпаздары белгілі болды

Календарь 17 ақпан 2018

Жарыс алты қашықтық бойынша өткізілді, яғни 1900 м, 1000 м, 200 м, 100 м, 50 м. Барлық қатысушылар жас категориясы бойынша төртке бөлінді. 

1900 метр арақашықтықтағы жарыстың жеңімпаздары болып 40-49 жас аралығындағы Инна Вишнякова, 30-39 жас арасында – Екатерина Шатная, 18-29 жас арасында – Эльмира Айғалиева. Ал осы қашықтықтан ерлер арасындағы жарыстан 50-59 жас – Алмаз Жекеев, 40-49 – Руслан Даленов, 30-39 жас – Андрей Кузьмин, 18-29 жас – Дмитрий Хан жеңімпаз болды. 

1000 метр қашықтықтағы жарыстан ең үздік көрсеткішті 50-59 жас арасында – Ася Даришева, 30-39 жас аралығында – Екатерина Шатная, 18-29 жас – Диана Айғалиева көрсетті. Ерлер арасында 50-59 жастан – Аглам Хакимуллин, 40-49 жас – Базарбай Бисенбаев, 30-39 жас – Дмитрий Деревянко, 18-29 жас – Анатолий Лихачев. 

200 м еркін жүзуден ерлер арасындағы жеңімпаздар 40-49 жас арасында – Нұрлан Оразалиев, 30-39 жас – Влад Шумилов, 18-29 жас – Дәурен Алтынханов. 

Ал 100 метрдегі қашықтықтан жеңімпаз болып Юля Сысоева (30-39 жас) танылды. 

Осы 100 метр қашықтықтағы жарыстан ерлер арасында 50-59 жас – Алмаз Жекеев, 40-49 жас – Вячеслав Шпаков, 30-39 жас – Дмитрий Загаринский, 18-29 жас – Арман Абжанов жеңімпаз атанды. 

50 метр қашықтықтағы жарыстан бірінші болып 50-59 жас арасындағылардан – Татьяна Михалева, 30-39 жас – Юля Сысоева, 18-29 жас арасынан – Диана Айғалиева, ерлер арасында осы қашықтықтан 50-59 жас арасынан Владислав Бузунов, 40-49 жас – Вячеслав Шпаков, 30-39 жас – Арман Әбілдинов, 18-29 жас арасынан Денис Гордиенко жеңімпаз атанды. 

Сонымен қатар, іс-шара барысында спорттық көрме мен синхронды жүзуден шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

http://astana.gov.kz/kk/modules/material/16120



Закрыть
Хабарлама жіберілді
Сіздің хабарламаңыз ойдағыдай жіберілді