Астанада дәстүрлі «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі өтеді

Календарь 16 ақпан 2018

Дәстүрлі шаңғы жарысына жыл сайын 2000-нан астам адам қатысады. Жарысқа қатысушылар түрлі жас ерекшелігіне қарамастан шаңғы жарысы, шағын футбол, хоккей, белдесу, армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту, және мотокросс сынды спорт түрлері бойынша күш сынасады. Аталмыш шараға 12 жастан бастап кез келген адам қатыса алады.

Дәстүрлі «Қыс өрнегі» фестивалі – елордамыздың спорттық өмірінде айшықты оқиға. Отбасымен, ұжыммен таза ауада қысқы демалыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Астана қаласының әкімдігі, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ елорда қонақтары мен тұрғындарын айтулы шараға белсене қатысуға шақырады.

Өтетін орны: Астана қаласы Триатлон саябағы. Жарысқа тіркелу уақыты сағат 10.00-де басталады. Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімі сағат 11.00-де.

http://astana.gov.kz/kk/modules/material/16111



Закрыть
Хабарлама жіберілді
Сіздің хабарламаңыз ойдағыдай жіберілді