Астанада Ауған соғысы құрбандарын еске алды

Календарь 15 ақпан 2018

Талай жастын өміріне балта шапқан 10 жылға созылған соғыстың аяқталғанына 29 жыл толып отыр. Дәл осы күні, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен шығарылған болатын.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына имандай сенген жас ұрпақ осынау үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынғанын айтты.

«Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды. Қаза тапқандардың ата-аналары, жақын туыстары мен таныстарының қайғысын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ауған соғысының ардагерлері ұрыста қаза тапқан қаруластарын жүректерінде мәңгі сақтайды», – деді Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл.

http://astana.gov.kz/kk/modules/material/16099



Закрыть
Хабарлама жіберілді
Сіздің хабарламаңыз ойдағыдай жіберілді