Астана қаласының сол жағалау бөлігінің

Гигапиксельді панорамалар – бұл мыңдаған жеке суреттерден құралған жоғары сапалы панорамалар. Соның негізінде, қарапайым суреттерде мүмкін болматын суреттің кішкене бөлшегін жақындатып қарауға болады. Астана панорамалары 2011 жылдың мамыр айында түсірілген. 

Панорамалар тышқанның көмегімен басқарылады. Көріністі бұру үшін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжыту қажет, жақындату немесе алыстату тышқан дөңгелегінің көмегімен жүзеге асырылады.

Қаланың сол жағалау бөлігі панорамасында заманауи Астананың мақтанатын барлық көрікті орындары көрінеді: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, «Бәйтерек» монументі, «Нұр Астана» мешіті, «Хан Шатыр» СО. Жалпы көрініс бұрышы – 360 градус, барлығы 2700 шамасында сурет түсірілді, панораманың үш бөлігінің өлшемі шамамен 14 гигапиксель құрады. Панораманы осы сілтеме бойынша көруге болады.

Астана қаласының сол жағалау бөлігінің гигапиксельді панорамасының үзінді көрінісі


Закрыть
Хабарлама жіберілді
Сіздің хабарламаңыз ойдағыдай жіберілді