Астананың гигапиксельді панорамалары

Гигапиксельді панорамалар – бұл мыңдаған жеке суреттерден құралған жоғары сапалы панорамалар. Соның негізінде, қарапайым суреттерде мүмкін болматын суреттің кішкене бөлшегін жақындатып қарауға болады. Астана панорамалары 2011 жылдың мамыр айында түсірілген. Ескі қала көрінісі «Седьмой континент» тұрғын үй кешені (22 қабат) және «Капитал» тұрғын үй кешендерінен (30 қабат) түсірілген, ал жаңа қаланың түсірілімі «Северное сияние» тұрғын үй кешені (44 этажа) шатырынан жүргізілді.

Қаланың сол жағалау бөлігі панорамасында заманауи Астананың мақтанатын барлық көрікті орындары көрінеді: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, «Бәйтерек» монументі, «Нұр Астана» мешіті, «Хан Шатыр» СО. Жалпы көрініс бұрышы – 360 градус, барлығы 2700 шамасында сурет түсірілді, панораманың үш бөлігінің өлшемі шамамен 14 гигапиксель құрады. Панораманы осы сілтеме бойынша көруге болады.

Астана қаласының сол жағалау бөлігінің гигапиксельді панорамасының үзінді көрінісі

Қаланың оң жағалау бөлігінің панорамасын осы сілтеме арқылы көруге болады. Бұл жерде шамамен 2550 суреттей түсірілді, панораманың үш бөлігінің жалпы өлшемі жуықтап алғанда 9 гигапиксельдей.

Астана қаласының оң жағалау бөлігінің гигапиксельді панорамасының үзінді көрінісі


Закрыть
Хабарлама жіберілді
Сіздің хабарламаңыз ойдағыдай жіберілді