Елордада музыкалық ертегінің тұсауы кесіледі

Календарь 23 February 2018

«Астана-Опера» театрының Камералық залы жаңа қойылыммен толықты. «Самұрық келген таң» ертегісі ғажайып құсты іздеп жолға шыққан Айдар мен Айжан есімді балалардың басынан кешірген оқиғаларынан сыр шертеді. 

Жоба жетекшісі Маржан Жәкенова бұл музыкалық ертегінің ең керемет сезімдерді тебірентіп, жақсылыққа, достыққа шақыратынын айтады.

«Астана Опера» өскелең ұрпаққа эстетикалық әрі патриоттық тәрбие беруге зор мән береді. Бұл қойылым – соның жарқын дәлелі. Музыкалық спектакльдің форматы ерек: музыкадан өзге, мұнда драмалық ойын, киім, декорация бар. Керемет жарқын декорацияларды 3D-проекциялар толықтырды. Қойылым тобы үлкен жұмыс атқарды», - деп атап өтті Камералық залдың жетекшісі, музыкатанушы, «Мәдениет қайраткері» Маржан Жәкенова.

Либретто және музыка авторы – композитор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тілеуғазы Бейсембек. 

Қоюшы режиссер – Ерен Тойкенов, дирижер – Руслан Баймурзин, костюмдер бойынша суретші – Арасель Досмұратова.

Басты рөлдерді «Астана Опера» театры студиясының шәкірттері Қажымұрат Еркін, Әлихан Арманұлы, Лия Дулати, Лия Абаева сомдайды.

Қойылым сағат 15:00-де саханаланбақ.

http://astana.gov.kz/kk/modules/material/16175



Закрыть
Message sent
The message has been sent.