«Астана Опера» театрында алғаш рет украиналық тенор Олег Злакоман өнер көрсетеді

Календарь 23 February 2018

Осы күні әртіспен бірге сахна төріне «Астана Опера» театрының жетекші солистері шығады. Аида партиясын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Хабдуллина орындайды, Амнерис рөлінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина өнер көрсетеді, Амонасро бейнесінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев шығады. Египет патшасы партиясында жас дарынды солист Шыңғыс Расылған алғаш өнер көрсетеді. Рамфис – Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян, Гонец – Рамзат Балакишиев, Абыз – Елена Ганжа.

«Радамес бейнесі «қимыл үстінде» болуы тиіс: көрермен алдына нағыз жауынгердің бойындағы қасиетке ие ержүрек қаһарман шығады, алайда оның үстіне Аиданы шексіз сүйетін мейірімді әрі лирикалық тұлға бола алады. Маған оның жастық шағы мен қажымас қайраты өте жақын. Радамес партиясы тенорлық репертуардағы ең күрделі партиялардың бірі екенін атап өтуге болады. Орындаушылық шеберлік тұрғысынан қарағанда ол өте көрнекті партия, оған қарап әншінің вокалдық-техникалық дағдысын толық бағалауға болады»,- деп ой бөлісті Олег Злакоман.

«Астана Опера» симфониялық оркестрі және хоры, дирижері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, бас хормейстер – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Спектакль 25 ақпан күні «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында өтеді.Қойылымның басталуы сағат 18.00-де.

http://astana.gov.kz/kk/modules/material/16166



Закрыть
Message sent
The message has been sent.