Red Bull Ice Baiga жарысы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

Календарь 22 January 2018

Конькимен үлкен ара қашықтыққа жүгіру жарысы ерлер мен әйелдер санаты бойынша өткізілді. Әр санаттың қатысушылары ұзындығы 500 метрді құрайтын тректі бағындырған болатын. Әр айналымда артта қалып қойған қатысушылар жарыстан шығарылып отырды. Доданың ақыр соңында бір ғана спортшы қалып, жеңімпаз атанған-ды.

Ерлер арасында осындай сындардан сүрінбей өтіп, жүлделі ІІІ орынды Сергей Коломин, ІІ орынды Құттыбек Тұрапбаев, І орынды Диас Күнтуаров иеленді. Ал әйелдер арасындағы жарыста ІІІ орын Мерей Маратоваға, ІІ орын Дарья Нитейскаяға және І орын Марияға Буторинаға бұйырды.

Жеңімпаздар Кубоктармен, ақшалай сыйақымен марапатталды. Үшінші орын иегеріне 20 000 теңгелік, екінші орын жүлдегеріне 30 000 теңгелік және бірінші орын иегеріне 50 000 теңгелік сертификаттар табысталды.

Естерңізге салайық, кеше Астанада Есіл өзенінің айдынында алғаш рет конькимен үлкен ара қашықтыққа жүгіруден Red Bull Ice Baiga жарыс өткен-ді. Бұқаралық шара ға «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС мұрындық болды.

 

Алдағы уақытта Red Bull Ice Baiga жарысы Астанада жфыл сайын ұйымдастырылады деп жоспарлануда. 

http://astana.gov.kz/kk/modules/material/15859



Закрыть
Message sent
The message has been sent.