Есіл өзенінде алғаш рет конькимен сырғанаудан жарыс өтті

Календарь 21 January 2018

Дене шынықтыру, спорт және салауатты өмір салтын дамыту мен оны насихаттау "Астана Конвеншн Бюроның" ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты болып табылады. Есіл өзені айдынында өткен Red Bull Ice Baiga жарысына 120-дан астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан болатын.

«Ер азаматтар мен әйелдер ұзындығы 500 метр болатын тректі екі мәрте бағындырды. Бұл шараға қатысуға ниет білдірген азамат өзін сынап көрді. Аязды ауа райына қарамастан қатысушылармен бірге келген оларға жанкүйерлер жақсы қолдау көрсете білді. Жарысты көтеріңкі көңіл-күй биледі»,-дейді ұйымдастырушылар.

Үшінші орын иегері 20 000 теңгелік, екінші орын жүлдегері 30 000 теңгелік және бірінші орын иегері 50 000 теңгелік сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаздардың барлығына кубоктар табыс етілді.

Айта кетейік, Red Bull Ice Baiga жарысы Астанада алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады деп жоспарлануда. 



Закрыть
Message sent
The message has been sent.