Осы аптада астаналықтар қайда бара алады?

Календарь 08 January 2018

Астана қаласы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мәлімдегендей, 8-15 қаңтар аралығында елорданың Тәуелсіздік сарайында «Еркіндіктің дастаны – Астана», «Тәуелсіздіктің белгісі – Астана», «Елбасы арманы – асқақ Астана» сияқты бірқатар фотокөрме жұмыс істейтін болады.

Қуыршақтар театры кішкентай көрермендерінің назарына 8-14 қаңтар аралығында «Ағайынды гномдар» спектаклін ұсынбақ.

Ал 10 қаңтарда өнерсүйер қауым Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» спектаклін, «Астана Опера» МОБТ «И вновь пленяет Моцарт» концерттік бағдарламасын тамашалай алады.

Ал М. Горький атындағы академиялық орыс драма театры 12 қаңтарда көрермендері үшін  «Гнездо воробья» атты қиял-ғажайып ертегіні саханалайды.

Елорда театрларында, астаналық циркте, Назарбаев университетінде 8-15 қаңтар аралығында басқа да шаралар өтеді. 

http://astana.gov.kz/kk/modules/material/15759



Закрыть
Message sent
The message has been sent.