Астаналықтар мен қонақтар үшін ең ірі мұз төбешігі ашылды

Календарь 27 December 2017

Үш скаттан тұратын мұз төбешігінің жалпы ұзындығы – 30 метр, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Ресми ашылуы 26 желтоқсан күні болды. 

«Төбешіктен басқа селфи әуесқойлары үшін мұздан жасалған ерекше экспонаттар орнатылды. Олар: 3 метрлік алып кір жуу машинасы, теледидар, тоңазытқыш» - делінген «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің хабарламасында. 

Қысқы ойын-сауық түрлері көп болса да, мұз сырғанағы бұрынғысынша балалар арасында да, ересектер арасында да танымалдылыққа ие.

http://astana.gov.kz/kk/modules/material/15679



Закрыть
Message sent
The message has been sent.